Пәтерін заңсыз жалға беретіндерге құлаққағыс: бұл үшін жаза күшейеді

Сағыныш Сардарова 05 нояб. 2025 14:51

Қаржы вице-министрі Ержан Біржановтың айтуынша, заңсыз жалға берілген пәтерді анықтау үшін министрлік мемлекеттік органдармен, соның ішінде Мемлекеттік кірістер комитетімен интеграциялық жүйе құрған, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Заңды түрде пәтерін жалға беретін азаматтарға жеңілдетілген салық режимдері қарастырылған:

  • жеңілдетілген декларация арқылы - 3%;

  • өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін - 4%;

  • жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей, жылдық декларация тапсыратындарға - 10%.

Ал тіркеусіз пәтерін жалға беріп, салық төлемеген азаматтарға айыппұл салынады. Тексеріс кезінде ескерту алған адам бір ай ішінде тіркеліп, салық төлеуге тиіс. Мерзімді бұзғандарға 10–15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл қарастырылған.


Рекомендовать
Последние новости