ІІМ Құлыбаевтың ұлының азаматтығы туралы ақпаратты жария етпеді

Көркем Алдабергенова 05 нояб. 2025 14:18

ІІМ Тимур Құлыбаевтың ұлының азаматтығы туралы ақпаратты жария етпеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Telegram-дағы «Выход к морю» арнасы таратқан мәліметке сүйенсек, Тимур мен Динара Құлыбаевтардың үлкен ұлы, Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі Алтай Асқар (кей деректерде - Алтай Құлыбаев) 2019 жылы Кипр азаматтығын алу үшін өтініш берген. Паспорт оған шамамен 1 миллиард теңгеге түсуі мүмкін.

Nege.kz редакциясы Алтай Асқардың Қазақстан азаматы болып табыла ма деген сауалмен Ішкі істер министрлігіне ресми сұрау жолдаған. Себебі ел заңнамасы қос азаматтыққа тыйым салады.

Алайда ІІМ нақты жауап беруден бас тартып, бұл ақпараттың «шектеулі қолжетімділікке жататынын» мәлімдеді.


Рекомендовать
Последние новости