Ринат Зайытов көпәйел алуды заңдастыруға қарсылық білдірді

Қаракөз Амантай 05 нояб. 2025 15:05

Мәжіліс депутаты Ринат Зайыт Қазақстанда көпәйел алуды заңдастыру бастамасына қарсы пікір білдірді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Депутат әріптесі Абзал Құспанның бұл ұсынысын қолдамайтынын айтты.

“Егер қоғамда бар нәрсенің бәрін заңдастыра берсек, оның соңы түсініксіз жағдайға алып келеді. Мен бұған қарсымын”, - деді депутат.

Еске салайық, бұған дейін Мәжіліс депутаты Абзал Құспан аталған мәселеге қатысты пікір білдірген еді. Оның айтуынша, елде екі әйел алуға заң жүзінде тыйым салынғанымен, шын мәнінде жағдайы бар ер азаматтардың көбінің екінші әйелі бар.

Депутаттың сөзінше, қоғамда бұл құбылыс кең тарағандықтан, оны заңмен реттеу қажет.

“Құбылыс ретінде бұған қарсымын. Бірақ тоқтатып жатқан ешкім жоқ. Сондықтан тоқалдықты заңдастырып, заң аясында реттеу керек деп санаймын”, – деген еді Абзал Құспан.


Рекомендовать
Последние новости