Қазақстанда халық саны 20,4 млн адамға жетті, деп хабарлайды Dalanews.kz.
1 қазандағы жағдай бойынша қазақстандықтардың саны 20 445 231 адамға жетті. Жыл басынан бері халық саны 161 832 адамға артқан. Оның ішінде: табиғи өсім есебінен – 151 632 адам, көші-қон есебінен – 10 200 адам. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.
Жеті аймақта халық саны 1 миллионнан асады:
Алматы қаласы – 2 337 023 адам;
Түркістан облысы – 2 148 207;
Астана қаласы – 1 612 512;
Алматы облысы – 1 586 875;
Шымкент қаласы – 1 286 087;
Жамбыл облысы – 1 216 849;
Қарағанды облысы – 1 131 818.
                        