Қазақстанның оңтүстігінде түнде жер сілкінісі сезілді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
3 қарашада Астана уақытымен сағат 01:29-да жер сілкінісі тіркелген. Эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 1079 шақырым жерде, Ауғанстан аумағында орналасқан.
"Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 14.2. MPV магнитудасы - 6.2", - деп жазылған ТЖМ хабарламасында.
Жер сілкінісі былай сезілген:
- Шымкент қаласы - 2 балл;
- Түркістан облысы Мақтаарал ауданы Мырзакент ауылы - 2 балл;
- Түркістан облысы Жетісай ауданы Жетісай қаласы - 2 балл;
- Түркістан облысы Шардара ауданы Шардара қаласы - 2 балл.
