Талдықорғанда бірнеше көше мен оған құрамдас бөліктерінің атауы өзгереді. Бұл шешімді Жетісу облысының әкімдігі мен мәслихаты қабылдады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Аталған шешімге сәйкес, Фрунзе көшесі кеңестік мал өсіруші Жазылбек Қуанышбаевтың құрметіне аталмақ.
“Республикалық ономастикалық комиссияның қорытындысынан кейін және Жетісу өңірі тұрғындарының пікірін ескере отырып, көшелерге жаңа атаулар беру туралы шешім қабылданды. Шешім жобасы "Ашық заңды және заңды тұлғалар" сайтында жарияланған”, – делінген хабарламада.
Береке тұрғын алабында да бірқатар көшелердің атауы өзгереді. Атап айтатын болсақ:
- № 12 көше – Есет батыр;
- № 14 көше - Керей хан;
- № 15 көше – Жәнібек хан;
- № 16 көше – Тұманбай Молдағалиев.
Талдықорған қаласының оңтүстік-батыс бөлігінің атауы:
- № 14 көше – Қайым Мұхамедханов;
- № 16 көше – Ер Жәнібек.
Шығыс айналмасынан Шығыс ықшамауданының индустриялық аймағына дейінгі атауы жоқ тас жол Сағадат Нұрмағанбетовтің құрметіне қайта аталмақ. Ал Фрунзе көшесі Жазылбек Қуанышбаев көшесі деп аталады.