Тәжікстан Қазақстанның ескі көліктерінен бас тартпақшы

Dalanews 12 сент. 2023 11:52 848

Тәжікстан Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдерінің, оның ішінде Қазақстаннан көлік әкелуге тыйым салмақшы. 

Бұл туралы ҚР сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қазақстандық стандарттау және метрология институты (ҚазСтандарт) мәлім етті. Шектеулер 2013 жылға дейін шығарылған көлік құралдарына қолданылады.

«Тәжікстан ауаның ластануының және адам денсаулығы мен қоршаған ортаға зиян келтірудің негізгі көзі болатын ескі автомобильдерді әкелудің алдын алуға, сондай-ақ ескі автомобильдерден қалдықтар (аккумуляторлар, шиналар, кондиционерлер) санын едәуір арттыруға бағытталған Жарлық дайындады», – деп хабарлады ҚазСтандартта.

Жарлық 2024 жылдың 1 қаңтарында күшіне енеді.

Рекомендовать
Последние новости