Сирек кездесетін Перу лалагүлі Қазығұртта жайқалып тұр

Dalanews 02 июн. 2023 07:51 983

Елімізде сирек кездесетін альстромерия гүлі Қазығұрт ауданы Тұрбат ауылында өсіріледі. Жергілікті бағбан Жәмила Ырысова ерекше күтімді қажет ететін сәндік өсімдікті жерсіндіріп үлгерген, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

–Тұқымын Өзбекстаннан тапсырыспен алдырдым. Негізінен, перу лалагүлі – Оңтүстік Америка мен Голландияда ғана өсетін нәзік гүл. Бір рет егілген өнім үш жыл бойы өнім береді, – деді Ж. Ырысова.

Бұл кәсіппен 6 жылдан бері айналысып келеді.  Мұнда 3 түрлі гүл өседі. Басым бөлігі осы «альстромерия» деп аталатын гүл. Алғашқыда үй ауласында гүл өсіруден басталған кәсіп бүгінде отбасылық бизнеске айналған. 6 сотық жылыжайдың аумағы 22 сотыққа ұлғайған. Отбасының барлық мүшесі осы жылыжайда еңбек етіп, нәпақасын тауып отыр.

Рекомендовать
Последние новости