Сингапурлық инвесторлар елордада екі мектеп пен балабақша салады

Dalanews 24 окт. 2019 14:14 699

Бүгін «Мектеп әлемін өзгертетін ұстаздар» XI Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы аясында Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов пен сингапурлық KinderWorld International Group компаниясының төрағасы Тан Тег Енг білім беру саласындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша жол картасына қол қойды.

– Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру жүйесіне инвестиция тартуды тапсырды. Елордамыз инвестиция тарту үшін қолайлы орын болып табылады. Жобаларды жүзеге асыру арқылы біз мұғалімдер мен оқушыларды жаңа орындармен қамти аламыз, – деді А. Көлгінов.

Сингапурлық инвесторлар елордада екі мектеп пен балабақша салады. Тартылатын инвестициялар көлемі шамамен 15 млрд. теңгені құрайды.


Жобаны жүзеге асыру 300-ден астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Балабақша 600 орынға, мектептер 2 мың орынға есептелген.

Сингапурдың білім беру жүйесі білімді тікелей практикада қолдануға бағытталған және рейтингтерде жетекші орынға ие. Сингапурлық компания «Астана» халықаралық қаржы орталығының қатысушысы ретінде тіркеу туралы сертификатты алу мәселесін пысықтауда.

Инвестиция жөніндегі қалалық кеңестің отырыстарында 16 мың орындық 18 мектеп құрылысы бойынша 18 инвестор қолдау тапты. Оның  3 мыңы – мектепке дейінгі оқыту орындары. Тартылатын инвестициялардың жалпы көлемі 50 млрд. теңгеден асады.

Рекомендовать
Последние новости