Сұйытылған мұнай газына салынған эмбарго: Қазақстан тыйымды тағы алты айға созды

Кәмшат Тілеухан 09 окт. 2024 15:46 2518

Қазақстан сұйытылған мұнай газын сыртқа шығаруға салған тыйымды тағы алты айға созбақшы, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Ішкі нарықты сұйытылған газбен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушы 2024 жылғы 2 мамырдағы №185 бұйрығымен Қазақстан Республикасының аумағынан сұйытылған мұнай газын автомобиль және теміржол көлігімен әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілген болатын. Бүгінгі таңда ҚР Энергетика министрлігі аталған шараны тағы 6 айға ұзарту жоспарланып отыр. Тиісті бұйрық жобасы "Ашық НҚА" порталына орналастырылды" делінген 9 қазанда Энергетика министрлігі жариялаған хабарламада.

Төмендегідей жағдайларда бұл тыйымның күші болмайды:

1) өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) не Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде өндіруді жүзеге асырған, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 722-бабының 1-тармағына сәйкес салық режимінің тұрақтылығына ие жер қойнауын пайдаланушылардың әкетуіне;

2) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде Қарашығанақ кен орнында өндірілген қазақстандық шикізаттан жасалған (өңделген) тауарларды әкетуіне;

3) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде басталып, аяқталатын транзиттік тасымалға рұқсат. 

Бұйрық бекітілген жағдайда сұйытылған мұнай газын сыртқа шығаруға салынатын тыйым 2024 жылдың 14 қарашасынан бастап қолданысқа енеді.


Рекомендовать
Последние новости