Қазақстан АЭС салуға қажетті технологиялар мен мердігерлерді 2025 жылы таңдайды

Dalanews 08 окт. 2024 13:13 2105

Бұл туралы бүгінгі Үкімет отырысында вице-премьер Роман Скляр мәлімдеді. Оның айтуынша, Қазақстан 2025 жылы атом электр станциясын салуға қажетті технологиялар мен мердігер компанияларды таңдау жөнінде шешім қабылдайды, деп Dalanews.kz.

Ол келесі жылы жобамен айналысатын консорциумға қатысушыларына қатысты, сондай-ақ жобалық құжаттаманы әзірлеу және мердігерлерді таңдау бойынша мәселелер айқындалып қалатынын атап өтті.

Қазіргі уақытта халықаралық компаниялар жобаның техникалық-экономикалық негіздемесімен жұмыс істеуде, бұл шамамен бір жыл уақытты алады. Осыдан кейін жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу басталады, ол тағы 1,5 жылға созылады, содан кейін ғана құрылыс жұмыстары басталады.

Бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық серіктестермен бірлесіп атом электр станциясын салу идеясын қолдаған болатын.


Рекомендовать
Последние новости