Мақпал Исабекова мен әнші Әдемі мансап жолдарын Superstar.kz жобасынан бастаған. Қос әншінің аталған жобаға қатысқандарына 13 жыл болды. Бүгін Исабекова сол кезде түскен суретін бөлісіп, арада көптеген өзгерістің болғанын меңзеді. Соның бірі – өзі мен Әдемінің сырт келбеті.

Әнші суреттегі сырғаларын әлі күнге дейін сақтап жүр екен. Желі қолданушылары бастапқыда Әдеміні танымай қалғандарын айтты. Десе де, оның комплекссіз адам екеніне қайран қалды. Мұнымен қатар, арасында әншіні пластикалық операция жасатып алған дегендер де болды.
«Мәссаған! Сіздерді танымай қалдым», «Әрине, бұрынғы сырт келбетіңізден ұялудың қажеті жоқ. Бірақ бұл тұста Мақпал сізді аяқтан шалған сияқты», «Дәл қазір сондай сұлусыз», «Сырғаларыңызға сөз жоқ», «Сізбен толықтай қосыламын! Жарайсыз!»,
«Мұрныңызды өзгерткен сияқтысыз әлде маған солай көрініп тұр ма?» дейді желі қолданушылары. Әнші тыңдармандарының Мақпалға қатысты пікірінен кейін оның өзінен рұқсат сұрағанын айтты.