Су жаңа министр Dolce&Gabbana-дан алған сөмкесінің құнын айтты

Көркем Алдабергенова 28 февр. 2024 10:25 2513

Үкіметке жаңадан келген министрлердің қатарындағы денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Dolce&Gabbana брендінен алынған кмиімдеріне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Үкіметте өткен брифингте журналистер Әлназаровадан Dolce&Gabbana-дан киіну үшін қанша табыс табу керегін сұрады. 

"Жалпы ондай киімдердің "жанкүйерімін" деп айта алмаймын. Гардеробымдағы киімдер де көп емес.

Суреттегі сөмкені (Instagram-парақшасындағы) - орташа статистикалық қыздың қалтасы көтеретін сөмке, 250 мың теңге тұрады.

Ал аз көйлегімнің бірін демалысақымның ақшасына алдым. Мен мұны мерейтойыма орай алдым", - деп жауап берді Әлназарова.

Айта кетейік, Ақмарал Әлназарова 6 ақпанда Денсаулық сақтау министрлігін басқаруға Ажар Ғинияттың орнына келген болатын.  


Рекомендовать
Последние новости