Студенттері қаңғып жүрген оқу орындардың басшылары миллиондап сыйақы алған

Dalanews 12 сент. 2022 13:47 841

2021 жылы Қазақстандағы жоғарғы оқу орындарының басшылары 3,1 млрд теңге сыйақы алған. Мәліметтер Қаржы министрлігі «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ есебінен алынды, – деп хабарлайды Halyq Uni

Қазіргі таңда Қазақстанда бас-аяғы 1200-ге жуық акционерлік қоғам бар. Соның ішінде 801-і есеп берген. Ұсынған мәліметке сүйенсек, олар басшылыққа 71 млрд теңге көлемінде сыйақы берген. Ал соның ішіндегі «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен «Бәйтерек» холдингіне қарасты квазимемлекеттік компаниялардың топ менеджерлерінің 7,5 млрд теңге сыйақы алғанын бұған дейін жазған едік.

Оқу жылы басталғанда аталған мәліметтер негізінде елдегі акционерлік қоғам ретінде тіркелген жоғары оқу орындардың басшылығының қанша теңге сыйақы алғанын зерттеп көрген едік.

Қазақстандағы жоғарғы оқу орындарының ішінде акционерлік қоғам ретінде тіркелген ұйымдардың 38-і «Ақпараттық-есептеу орталығына» есеп берген. Нәтижесінде олардың басшылары жиынтық 3,1 млрд теңге сыйақы алғаны белгілі болды.


Естеріңізге сала кетейік, таяуда еліміздегі жоғары оқу орындарының оқу ақысы жарияланған еді. Университеттердің көпшілігі жаңа оқу жылында оқу ақысын көтеріп жіберген болатын.

Сонымен қатар, жаңа оқу жылында университеттердің жатақханасы жетпей, қонақүйде қонып, жұмыс істеп жүрген студенттер туралы да жазған едік.

Сонымен, төменде акционерлік қоғам ретінде тіркелген университет басшылығының 2021 жылғы алған сыйақылары:

 

«КИМЭП Университеті» коммерциялық емес АҚ топ менеджменті 423 905 989 теңге;

«НАРХОЗ Университеті» коммерциялық емес АҚ басшылығы 285 248 881 теңге;

«С. Нәрікбаев атындағы Университет» АҚ басшылығы 269 604 894 теңге;

«Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті» коммерциялық емес АҚ басшылығы 134 453 917 теңге;

«Қазақ Ұлттық Аграрлы университеті» коммерциялық емес АҚ басшылығы 126 161 540 теңге;

«Торайғыров Университеті» коммерциялық емес АҚ басшылығы 101 074 453 теңге;

«Қазақ-Британ Техникалық университеті» АҚ басшылығы 94 074 856 теңге;

«Семей Медициналық университеті» коммерциялық АҚ басшылығы 93 492 981 теңге;

«Абылай хан атындағы Қазақ халықарылық қатынастар және әлемдік тілдер университеті» АҚ басшылығы 89 940 270 теңге;

«Азаматтық Авиация академиясы» АҚ басшылығы 88 279 291 теңге;

«С.Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық университет» коммерцияолық емес АҚ басшылығы 87 118 360 теңге;

«Халықаралық ақпараттық-технологиялар университеті» АҚ 85 571 490 теңге;

«С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық университеті» коммерциялық емес АҚ басшылығы 78 111 990 теңге;

«Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университет» коммерциялық емес АҚ басшылығы 75 602 782 теңге;

«С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» коммерциялық емес АҚ басшылығы 70 927 241 теңге;

«Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» коммерциялық емес АҚ басшылығы 65 660 061 теңге;

«І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті» коммерциялық емес АҚ басшылығы 64 636 473 теңге;

«Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті» коммерциялық емес АҚ басшылығы 63 623 911 теңге;

«Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті» коммерциялық емес АҚ басшылығы 59 700 000 теңге;

«Қарағанды Медицина университеті» коммерциялық емес АҚ басшылығы 52 836 686 теңге;

«А.Байтұрсынов атындағы Қостанай Өңірлік университеті» коммерциялық емес АҚ басшылығы 51 362 689 теңге;

«Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан Техникалық университеті» коммерциялық емес АҚ басшылығы 49 885 552 теңге;

«Астана Медицина университеті» коммерциялық емес АҚ басшылығы 48 519 391 теңге;

«Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық университет» коммерциялық емес АҚ басшылығы 48 286 061 теңге;

«Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе Өңірлік университеті» коммерциялық емес АҚ басшылығы 45 064 993 теңге;

«М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті» коммерциялық емес АҚ басшылығы 40 999 854 теңге;

«Халықаралық Туризм және Қонақ күту университеті» коммерциялық емес АҚ басшылығы 38 168 295 теңге;

«Алматы Технология университеті» АҚ басшылығы 37 382 586 теңге;

«Қазақ Спорт және Туризм академиясы» коммерциялық емес АҚ басшылығы 34 321 801 теңге;

«Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық университеті» коммерциялық емес АҚ басшылығы 34 075 757 теңге;

«С.Өтебаев атындағы Атырау Мұнай-Газ университеті» коммерциялық емес АҚ басшылығы 32 548 236 теңге;

«Қ.И.Сатпаев атындағы Қазақ Ұлттық Зерттеу Техникалық университеті» коммерциялық емес АҚ басшылығы 30 681 648 теңге;

«Х.Досмұхамбетов атындағы Атырау университеті» коммерциялық емес АҚ басшылығы 27 284 614 теңге;

«Логистика және Тасымал академиясы» АҚ басшылығы 17 988 029 теңге;

«Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық Педагогикалық институты» коммерциялық емес АҚ басшылығы 17 386 777 теңге;

«Оңтүстік Қазақстан Медицина академиясы» АҚ 15 371 789 теңге;

«Ә.Сағынов атындағы Қарағанды Техникалық университеті» коммерциялық емес АҚ басшылығы 12 000 000 теңге сыйақы алған.

Бұдан бөлек ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты «Ұлттық Нейрохирургия орталығы» АҚ басшылығына 176 400 687 теңге, «Ұлттық Кардиохирургия ғылыми орталығы» коммерциялық емес АҚ басшылығына 211 113 000 теңге сыйақы төленген. Соңғысы медицина мамандығы бойынша резиденттерді оқытатынын айта кеткен жөн.

Рекомендовать
Последние новости