Шольц Украианаға бірінші болып танк жеткізуден Путиннен қорқып отыр

Dalanews 12 сент. 2022 12:17 839

Германияның Қорғаныс министрі Кристин Ламбрехт Украианаға танк жеткізу ісін тағы да кейінге шегерді. Украиан әскерінің Харьков бағытындағы сәтті шабуылынан кейін Германияның бірқатар саясаткерлері канцлер Олаф Шольцтен Киевке Leopard 2 мен Marder ауыр әскери машинасын тездетіп жеткізуді талап ете бастады. Ал Германия билігі болса, бұған асығар емес.

– Әлі күнге дейін ешқандай ел Батыста өндірілген жаяу әскерге қажетті әскери машина мен танктерді берген жоқ. Біз осыған дейін әріптестерімізбен Германия өз бетінше танктерді Укрианаға жеткізбеу турасында келіскен болатынбыз, – деп ақталғандай болды Ламбрехт ханым.

Украина әскері шабуылды сәтті бастап, Харьков облысының көп жерін оккупанттардан босатқаннан кейін Батыс елдерінің кейбір саясаткерлері билік орындарынан Украинаға көмекті үдете түсу керек екенін талап ете бастады.

Айталық, күні кеше ғана Германияда билікті уысында ұстап отырған Социал-демократиялық партияның бас хатшысы Кевин Кюнерт Шольц үкіметінен Украианаға танктерді беру ісін жеделдету керек екенін ескертті.


Осы ретте Кевин Кюнертті социал-демократтардан бөлек үкіметті жасақтап отырған коалициялық партиялардың өкілдері де қолдағанын айта кетуіміз. Алдағы уақытта Германия Украинаға қажетті Leopard 2 танксі мен ауыр әскери машиналарын жеткізбейтін болса, мұның соңы саяси дағдарысқа ұласуы бек мүмкін.

Рекомендовать
Последние новости