Студенттер 42 500 теңгені қандай жағдайда алады? - министр жауап берді

Dalanews 14 апр. 2020 12:06 762

Еңбек министрі Біржан Нұрымбетов студенттердің 42 500 теңгені қандай жағдай аларына қатысты пікір білдірді деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Оның айтуынша егер студент бұған дейін белгілі бір жерде тұрақты немесе уақытша жұмыс атқарған болса, табысынан айырылған азамат ретінде әлеуметтік көмек алуға өтініш бере алады.

"Олар (студенттер, ред.) да осы елдің азаматтары. Еліміздің Еңбек кодексіне сай 16 жастан бастап жұмыс істеуге болады.

Ол стипендия ала ма, алмай ма, әлеуметтік төлемді қарастыру кезінде бұл есепке алынбайды. Студенттердің жұмыс істеуіне әбден болады, олардың табыс табуына ешкім кедергі келтірмейді.

Студенттердің көпшілігі жұмыс істейді де. Кейбіреулерінің тұрақты жұмысы бар, ал енді бірі дәмханаларда даяшы, пицца тасушы ретінде уақытша жұмысқа орналасқан", – дейді Біржан Нұрымбетов.

Министр атап өткендей әзір әрбір қазақстандық осы бір төтенше жағдай тұсында табысынан айырылды ма, жоқ па, сол жағын сараптан өткізуі керек. Табысынан айырылған жағдайда біріңғай жиынтық төлемді өтеп, 42 500 теңгені ала алады.

Рекомендовать
Последние новости