СҚО қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бастығы жемқорлықпен ұсталды

Қаракөз Амантай 10 июл. 2024 14:27 231848

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бастығы жемқорлық күдігімен ұсталғанын растады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бастығы сотқа дейінгі тергеу шаралары аясында ұсталғанын растайды. Кейін қосымша ақпарат береміз", - делінген агенттіктің ресми мәліметінде.

Еске сала кетейік, бұл қызметті 2023 жылдың мамырынан бері Әділет Мұстафинов атқарып келе жатыр.

Әділет Мұстафинов 52 жаста, Семей қаласында дүниеге келген.

1994 жылы Омбы аграрлық университетін «зоотехник» мамандығы бойынша, 2007 жылы Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Әр жылдары Павлодар облысы бойынша Салық полициясы комитеті басқармасының Павлодар өңірі бойынша ауданаралық бөлімінің инспекторы, Павлодар облысы бойынша ҚАЖ департаментінің өзіндік қауіпсіздік тобының ішкі істер бөлімінің аға жедел уәкілі, ҚР ІІМ ҚАЖК құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жедел басқару бастығының орынбасары, Солтүстік Қазақстан облысы, Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары қызметтерін атқарды.

Осы тағайындауға дейін Павлодар облысында қылмыстық-атқару жүйесі департаментін басқарды.


Рекомендовать
Последние новости