Түрген өзенінің бассейнінде жағдай күрделі

Көркем Алдабергенова 06 июл. 2024 13:22 5742

Алматы облысындағы Түрген өзені бассейніндегі жағдай күрделі, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады. Алматы облысында Түрген өзені бассейнінің мұздақ көлдерінде  судың төгілуі мен селдің орын алу қаупін болдырмас үшін су деңгейін төмендету бойынша  алдын алу жұмыстары жүргізілуде.

Жақында ТЖ вице-министрі Батырбек Әбдішевтің үйлестіруімен ТЖМ Қазавиақұтқарудың  екі тікұшағымен мұздақ көлдің маңында жабдықтарды тасымалдап түсіру жұмыстарын жүзеге асырылды. Жұмыстарды «Қазселденқорғау» ММ басшылығы мен авариялық бригадасы жүргізді.

Екі күн ішінде олар сифон төсеу арқылы еріген мұздық суын айдау жұмыстарын да жүргізді.  Осылайша бүгін ұзындығы 300-ге жуық метр, өнімділігі секундына 110 литр болатын алғашқы сифон тізбегі іске қосылды.

Көлдердегі жұмыстар ауа райына байланысты жалғасатын болады (шамамен ағымдағы жылғы 16 шілдеге дейін). Айта кетейік, жүргізіліп жатқан жедел жұмыстар адамдардың өміріне және объектілердің қирауына қауіп төндіретін сел тасқынының пайда болу қаупін болдырмауға бағытталған. Дайындық жұмыстары Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы облысының аумағында Түрген өзенінің бассейнінде күрделі сел жағдайы байқалады. Қауіп-қатер аймағында 30 мыңнан астам адам тұратын Тау-Түрген, Түрген, Қаракемер, Балтабай елді мекендері бар. Осыған байланысты мұздықтың және Түрген өзені бассейіні көлінің сел және гидрометеорологиялық жағдайына мониторинг ұйымдастырылды.

«Қазселденқорғау» ММ бекеттері халықты уақтылы хабардар ету үшін тәулік бойы жұмыс істейді.

Бұл аймаққа баруға уақытша шектеулер енгізілді. Жаяу туристерді, автокөлік иелерін, жергілікті тұрғындар мен атқарушы органдарды құлақтандыру жұмыстары жүргізілуде.

Төтенше жағдайдың алдын алу үшін барлық мүмкін шаралар қабылдануда. 


Рекомендовать
Последние новости