СҚО-да шенеунік суицид жасаған

Dalanews 24 янв. 2024 10:52 1162

СҚО-да шенеунік Антикор жауап алғаннан кейін өзіне қол жұмсаған. Бұл ақпаратты Антикордың ресми өкілі Арман Тлеукенов растады, - деп хабарлайды Dalanews.kz тілшісі.

Таяуда СҚО білім басқармасы басшысы ұсталған болатын. Сол себепті басқармаға қарасты шенеуніктен осы іске қатысты күдікті ретінде жауап алынған.
"Біз СҚО-да білім бөлімінің басшысына қатысты тергеу жүргізіліп жатқандығы туралы ақпаратты жария еткен болатынбыз. Оның қарамағындағылардан сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінде жауап алынғаннан кейін өз-өзіне қол жұмсағаны туралы ақпарат пайда болды", - дейді Тлеукенов брифингте.

Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сурет: 112.ua

Рекомендовать
Последние новости