СҚО-да бизнес жобаларды жүзеге асыруға биыл 8,6 млрд теңге бөлінді – Ақсақалов

Dalanews 12 авг. 2022 12:12 761

Бүгін Солтүстік Қазақстан облысы әкімі Құмар Ақсақалов өңірдегі кәсіпкерлермен кездесіп, өзекті мәселелерді бірлесіп талқылады, – деп хабарлайды Dalanews.kz СҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айтулы шараға «Атамекен» төралқа төрағасы Райымбек Баталов қатысқанын айта кетуіміз керек. Облыс әкімінің бизнес-қауымдастық өкілдерімен кездесуінде мемлекеттiк органдар мен кәсiпкерлер түйткiлдi мәселелердi талқылады.

Биыл облыста бизнес жобаларды жүзеге асыруға 8,6 млрд теңге бөлiнген болатын. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 1,4 есеге артық. Облыста «Солтүстiк» ӘКК арқылы кәсiпкерлердi жеңiлдетiлген несиелендiрудiң пилоттық жобасы енгiзiлдi.


Жеңiлдетiлген несиелер құрылысқа және кәсіпкерлердің құрал-жабдық сатып алуына берiледi. Бұл бағдарлама бойынша облыста 11 сүт фермасы салынып, 5 жаңа кәсiпорын iске қосылуда.

Жалпы, 42 жобадан тұратын инвестициялық пул қалыптастырылды, оның аясында 5 мыңнан астам жаңа тұрақты жұмыс орындары ашылады.

Рекомендовать
Последние новости