Созақта қоғамдық ұйымдар белсенді жұмыс істеуде

Dalanews 22 нояб. 2018 16:09 739

Бүгін Созақ аудандық әкімдігінің кіші мәжіліс залында облыстық Ішкі саясат басқармасының тапсырысы негізінде "Облыстық Азаматтық Альянс" заңды тұлғалар қауымдастығының ұйымдастыруымен "Аудан, қаладағы ақпараттық ресурстық орталықтардың жұмысын жандандыру арқылы ауылдық жердегі үкіметтік емес ұйымдардың дамуына қолдау көрсету және әлеуметтік идеялар мен жобалар жазуға үкіметтік емес ұйымдарды тарту жұмыстарын жүргізу" жобасы аясында "Үкіметтік емес ұйымдар үшін қаржы көздері және әлеуметтік жобалардағы инновация" тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.

Аталған тренингке Созақ ауданындағы қоғамдық ұйымдардың төрағалары, ішкі саясат бөлімінің мамандары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Тренинг аясында қоғамдық ұйымдарға әлеуметтік жоба жазуда жаңашылдықты (ноухау) қолдану және қаржы көздерін қалай тарту керектігі түсіндіріліп, сұрақтарға жауап берілді.

Айта кететін жайт, Созақ ауданында заңды түрде тіркелген 15 қоғамдық ұйым бар екенін ескерсек, оның ішінде 7-8 ұйым ғана белсенді жұмыс жасап келеді. Алдағы жылы қоғамдық ұйымдардың белсенділігін арттыруға жергілікті мекеме, бөлімдермен бірлесіп жұмыстар жүргізіледі.

 

Б.САРЖАНОВ, "Азаматтық Альянс" заңды тұлғалар қауымдастығының мүшесі, Аудандық қоғамдық ұйымдарға арналған ақпараттық ресурстық орталығының өкілі.

 

 

Рекомендовать
Последние новости