Согот қай елдің жері?

Dalanews 14 июл. 2016 02:43 878



Жалалабад облысы Аксы ауданының қырғыз-өзбек шекарасына жақын Согот ауылы маңындағы даулы жер телімі көрше елге қарайды, деп есептейді аудан билігі. Дегенмен облыс басшылығы бұны жоққа шығарып, даулы жерді қырғызстандықтар ұзақ жылдар бойы пайдаланып келгенін алға тартты.





Аксы ауданы әкімшілігі аппаратының басшысы Алтынбек Кутмановтың айтуынша, шілденің басында шекараны делимитациялау және демаркациялау жөніндегі комиссия өкілдері, сондай-ақ жапсарлас орналасқан шекара отрядтарының басшылары осы жер телімінде жолықты.

«Карталар мен хаттамалар зерттелді. Сөйтіп даулы жердің Өзбекстанға қарайтыны анықталды. Жер телімінің кімге қарайтыны 2001 жылы 23 тамызда қабылданған №8 хаттамамен келісіліп, Бішкекте 2003 жылы 23 қыркүйекте №12 хаттамамен бекітілген», - деді ол.

«Осы хаттамалардан жер телімінің өзбек жағына тиесілі екені анықталды. Дегенмен бұл шешім үкімет деңгейінде бекітілуі керек. Соған дейін екі елдің шекарашылары бұл жерге жақындамайды. Өзбек тарапы осы уақытқа дейін бұл жерге қатысты талаптарын айтпай келді, біздің азаматтар соны пайдаланып қалған», - деді Алтынбек Кутманов.

Жалалабад облысында 27 даулы шекаралас жер телімі бар, олардың дені Аксы және Ала-Бука ауданында орналасқан. Дегенмен Шекара қызметіне сүйенген облыстық әкімшіліктегілер Соготтегі жер телімін өзбектердікі деуге әлі ерте екенін алға тартып отыр.

«Алтынбек Кутмановтың айтқандары ресми емес және расталмаған болуы мүмкін. Аудан және облыс басшыларының сөздеріне қарағанда, бұл мәліметтер жалған болып шықты. Үкімет деңгейінде жарияланған ақпаратты ғана қабылдауға болады. Бұл мәселені үкіметтік комиссия шешіп, оны Жогорку Кенеш мақұлдауы тиіс. Содан кейін ғана нақтысын айта аламыз», - деді үкіметтің облыстағы өкілінің орынбасары Бактыбек Анаркулов.



Рекомендовать
Последние новости