Смайылов үкіметі көмір жеткізу саласындағы делдалдарды шеттете бастады

Dalanews 17 февр. 2022 03:23 869

 Үкімет көмір жеткізу тізбегіндегі өнімсіз делдалдарды жою жұмыстарын бастады, деп хабарлады премьер-министрдің баспасөз қызметі.

Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен коммуналдық көмірге баға белгілеу мәселесі қаралды.

Көмірді тауар биржасы арқылы өткізу бойынша пилоттық жобаның нәтижесі талқыланды.

"Бұл механизм өзінің тиімділігін көрсетті – делдалдардың саны қысқарды, бөлшек сатушылардың көмір кеніштерінің ресурстарына тікелей қол жеткізуіне жағдай жасалды. Көмір құнына оңтайлы баға белгілеу мақсатында үкімет өнімсіз делдалдарды шеттету жұмыстарын бастады", - делінген хабарламада.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму, сауда және интеграция министрліктері мен бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі халықты көмірмен қамтамасыз ету тізбегіндегі қажетсіз байланыстарды жою және тауар биржасы арқылы сатылатын көмір көлемін кезең-кезеңімен ұлғайту шараларын әзірлеуде.

Бұл жұмыс үкіметтің ерекше бақылауында болады.

Рекомендовать
Последние новости