"Сыра ішуге шақырды...". Блок-бекетті ойрандаған экс-полицей кінәсін мойындады

Dalanews 15 сент. 2020 11:36 798

Алматы облысының Қарасай аудандық сотында екі полицейдің ажалына себеп болған блок бекеттегі жол-көлік апаты бойынша сот басталды. Істі судья Мәди Көшікбаев жүргізуде, деп хабарлайды dalanews.kz. 

Сотқа айыпталушы Азат Азаматов жеткізілді.

Бұрынғы полицей Қылмыстық кодекстің 345-ші бабы бойынша айыпталуда.



25-ші мамырда таңғы сағат 5:20-да айыпталушы Азат Азаматов мас күйде BMW автокөлігін басқарып келе жатып, жылдамдықты арттырып, блок бекетке және полицияның қызметтік автокөлігіне соғылды. Нәтижесінде екі қызметкер қайтыс болып, үшіншісі жарақат алды, деді прокурор.

Айыптау актін тыңдап тұрған кезде марқұмдардың туыстарының көзінен жас шықты.


Құрметті сот, мен өз кінәмді мойындап, жасаған әрекетім үшін өкінемін, - деді Азат Азаматов.

Азаматов апат болған сәтте ұйықтап кеткенін айтты. Оның сөзінше, 24 мамырда оны Көксай ауылына кездесуге шақырған, ол сол ауылда көліктің ішінде сыра ішкен.

Жол полициясында жұмыс істейтін үш әріптесіммен бірге сыра іштік. Олар менің бұрынғы әріптестерім. Басқа ештеңе есімде жоқ, есімді ауруханада жидым. Көлік апатын жасадың дейді, менің есімде ештеңе жоқ, - деді Азаматов.

Ол ауылдан шамамен сағат 23.00-де шыққаннын айтты. Үстінде шорты мен футболка болғанын айтты.


Бұрын бірге істеген жігіттер сыра ішуге шақырды. Мәшиненің ішінде іштік, мен екі-үш банка сыра іштім. Сосын өшіп қалыппын, есімде жоқ, - деді Азаматов.



Рекомендовать
Последние новости