Сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілер белсенді жұмыстарын жалғастыруда

Жарбол Кентұлы 12 дек. 2024 10:30 604

Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілік» жобасына қатысушылардың көмегімен «Бірыңғай сатып алу терезесі» арқылы мемлекеттік сатып алу жүйесін үнемі мониторингілеп отырады, – деп хабарлайды Dalanews.kz Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мониторинг барысында «Жетімсіз және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған №10 жалпы білім беретін мектеп-интернат» КММ-нің (бұдан әрі – Мектеп) басшылығының заңсыз іс-әрекеттері анықталды.

Мектептің мемлекеттік сатып алу сайтында «Оқу құралдары жинағын» бір данасына артық бағамен 3,5 млн теңгеге 28 млн теңге сомаға сатып алғаны анықталды.

Техникалық сипаттама бойынша, интернет кеңістігін зерттеу және коммерциялық ұсыныстар сұрау әдісімен ең көп толықтаудың құны

2,1 млн теңгені артпайтыны, артық берілген сома 11 млн теңгеден астам болғаны анықталды, осы анықталған дерек бойынша уәкілетті органдарға хат жолдалып, сатып алу бас тартылды.

Ерiктiлермен бiрге БАҚ мониторингi барысында әлеуметтiк желілерде жарияланған ақпарат анықталды. Розыбакиев және Березовский көшелерінің қиылысына шығысқа қарай шыққан Березовский көшесінде жол белгілері дұрыс салынбағаны шығып тұрған мониторинг барысында анықталды.

Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы №534 бұйрығына сәйкес жол белгілері белгілі бір режимдер мен қозғалыс тәртібін белгілейді.

Сондықтан жол белгілерін дұрыс көрсетпеу жол ережелерін бұзуға әкеліп, қала тұрғындарының денсаулығы мен қауіпсіздігіне қауіп төндіреді, сонымен қатар, бұл жерде коррупциялық құқық бұзушылықтарды жасауға мүмкіндік береді.

Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Алматы қаласының Полиция департаменті мен Қалалық көлік және жол инфрақұрылымы басқармасына азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және осы учаскедегі коррупциялық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында қысқа мерзімде шаралар қабылдау туралы хат жолдады.

Бұзушылықтар жою арқылы барлық учаскеде тиісті жол белгілері орнатылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілер қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету бойынша жұмыстарын жалғастыруда, бұл халықтың әлеуметтік мәселелерін шешуге септігін тигізеді.


Рекомендовать
Последние новости