Шухрат Каюмов: "Өзбекстан тәуелсіздігіне 25 жыл, өзбек ұлтына емес!"

Dalanews 19 июл. 2016 04:45 869

Өзбекстанның Ұлттық баспасөз орталығында жиын өткізген «Өзбекнаво» эстрадалық бірлестігі (өнер қызметкерлеріне жетекшілік ететін, лицензия беретін басты орталық) өзбек әншісі Шахзоданың жаңа әнін түкке тұрғысыз етіп сынады. Ән тәуелсіздіктің 25 жылдығына арнап жазылған.

Өнер және мәдениет қайраткерлері мен журналистер қатысқан жиында сөз алған Өзбекстанның халық әртісі Шухрат Каюмов жас әншінің әндерін дарынсыз деп атады. Ол әсіресе, жақында жазылған «Өзбегім» әнінің сөздеріне тоқталды.

«Бір танымал әнші телеарнаға жаңа әнімен шығып, «Саған 25 жыл, менің өзбегім» дейді. Өзбек ұлтының 25-ке келгенін қайдан көрдіңіз? Өзбекстан тәуелсіздігіне 25 жыл, өзбек ұлтына емес!» – деді Каюмов.

Оның пікірінше, мұндай қателіктерді жібермеу үшін «Өзбекнаво» жанынан көркемдік кеңес құрылып, оған елдің ақын, жазушылары, сазгерлері мүше болуға тиісті. Сонымен бірге жаңа әндерді эфирге жіберер алдында «иненің көзінен» өткізіп, тексеру керек дейді.

Өзбекстанның жас әншісі орындап шыққан «Өзбегім» әнінің сөздерін жазған елдің танымал халық ақыны, бүгінде Олий Мәжіліс депутаты Икбола Мирзо екен. Өзбекстанның мәдени сыншылары ең алдымен әнші Шахзоданы емес, ақынды сынауы тиіс дейді.

 

«ҚмД» ақпарат

Рекомендовать
Последние новости