ШҚО кәсіпкерлері Ashyq қосымшасымен жұмыс істеудің тиімділігін жоғары бағалады

Dalanews 14 июн. 2021 08:49 820

«Ashyq» жобасы COVID-19 таралу қаупін азайтуға және келушілер мен қызметкерлерді қауіпсіздендіруге мүмкіндік береді, сондай-ақ бизнеске шектеу шараларына қарамастан, тіпті локдаун жағдайында да жұмыс істеуге мүмкіндік береді. QR-код және ПТР жалпы базасымен біріктіру есебінен бағдарлама келушінің ол вирустың тасымалдаушысы ма жоқ памәртебесін анықтайды.

Осы кезеңде өңіріміздің 600-ге жуық ұйымы қатаң карантиндік шектеулер жағдайында жеңілдік алды.

Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 3 маусымдағы № 26 қаулысына сәйкес, жобаға қатысушыларға «Ashyq» көшбасшылары» мәртебесі беріледі және 2 аптаға бекітіледі.

Бүгінгі таңда облыс бойынша QR-кодтары («check-in») бойынша ең көп кіретін 30 ұйым бөлінген. Өскемен қаласында - 15 қоғамдық тамақтандыру кәсіпорны, 1 кинотеатр («MaxOn Cinema» кинотеатры) және 1 бильярд клубы («Империя» бильярд клубы»); Семей қаласында - 9 тамақтану ұйымы, 2 фитнес-зал, «Абай атындағы театр» және «Qazyna Cinema» кинотеатры бар.

Өскемен және Семей қалалары қазір «сары» аймақта орналасқандықтан, көшбасшы кәсіпорындар «жасыл» аймақтың талаптары бойынша жұмыс істей алады.

Өңір қазір «жасыл» аймақта орналасқандықтан, көшбасшы кәсіпорындар жұмыс режимін 2 сағатқа ұзартып, нысанның толымдылығын 10%-ға ұлғайта алады.

Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасы жобаға қатысуға ниет білдірушілердің тізімін жасақтауды жалғастыруда. Ashyq қосымшасына қатысты барлық сұрақтар бойынша бизнес субъектілері 8 (7232) 74-28-14, 74-21-11 телефондары арқылы хабарласа алады.

«Қызыл» мәртебе қозғалысты шектеуді, амбулаториялық бақылаудағы адамдар үшін үй оқшаулауының қатаң режимін сақтауды білдіреді.

«Сары» - қозғалысты ішінара шектеу, яғни пайдаланушы ПТР дерекқорында байланыс ретінде белгіленген, пациент үйде оқшаулау режимін сақтайтын орыннан 500 метрден аспайтын жерде азық-түлік және шаруашылық дүкендеріне, дәріханаларға баруға рұқсат етілген.

«Көк» - осы мәртебе үшін ПТР міндетті болып табылатын орындардан басқа (мысалы, әуежайда) қозғалуға шектеу жоқ.

«Жасыл» мәртебе қозғалыста ешқандай шектеу жоқ екенін және осы пайдаланушы деректер базасында теріс нәтижемен ПТР-тестілеуден өткен деп белгіленгенін білдіреді.

Рекомендовать
Последние новости