ШҚО-дағы егін жинау науқаны: Облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы есеп берді

Dalanews 02 дек. 2022 14:01 788

 Шығыс Қазақстан облысында егін жинау науқаны қорытындыланды. Шаруалардың төккен тері, ақталса екен дейміз.

Шығыс Қазақстан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Диляра Жылқыайдарова ханым күзгі жиын-теріннің ойдағыдай аяқталғанын, 639,6 мың га жерден еңбек адамдары ауыл шаруашылық өнімдерін алғанын жеткізді.

"Алаңнан 284,7 мың га дәнді және бұршақты,209,4 мың га майлы дақылдар, 11,63 мың га картоп, 4,5 мың га басқа да көкөністер жиналды. Ағымдағы жылы егін жинау жұмыстарын табысты жүргізу үшін ҚР Энергетика министрлігі облыс шаруашылықтары үшін 17,8 мың тонна дизель отынын бөлді, күнбағыс тұқымын кептіруге қосымша тағы 3,2 мың тонна бөлінді", – Диляра Жылқыайдарова

Ал топырақ құнарлығын арттыру мақсатында облыс шаруашылықтары минералды тыңайтқыштардың барлық түрінен 26 мың тонна сатып алғанын айтты брифинг барысында.



"Биыл облыс аграрийлері дәнді, дәнді-бұршақты дақылдар мен картоптың тұқымымен толық қамтамасыз етілді. Жыл сайын майлы және жемшөп дақылдары бойынша аздаған жетіспеушіліктің орын алуына байланысты, өзге облыстардан тұқымдарды алдырдық.

Ағымдағы жылы ШҚО ауыл шаруашылығы басқармасы тұқым шаруашылығын қолдау аясында 1 млн теңгеден астам сомаға 4,5 мың тонна тұқымды және пестицидтердің құнын арзандатуға 1018 млн. теңге сомасына 307,0 мың литр субсидияланды", – дейді Диляра Жылқыайдарова

Сонымен қатар жиын-теріннен кейін ауыл шаруашылық өнімдері ысырап болмасы үшін, жаңа дақылды бастапқы өңдеу және сақтау үшін облыс шаруашылықтарында әртүрлі қуаттылықтағы 209 механикаландырылған токтар мен 5 лицензияланған элеваторлар жұмыс істейді.


Қолданыстағы элеваторлар, астық қабылдау орындары және шаруалардың жеке меншік қоймаларында 1 миллион тоннаға жуық астық сақтауға мүмкіндік береді.

Жалпы алғанда, материалдық-техникалық құралдар мен техниканың қажетті мөлшерінің болуы өңірдің агроқұрылымдарына егін жинау жұмыстарын оңтайлы мерзімде жүргізуге мүмкіндік берді.

Рекомендовать
Последние новости