ШҚО-да «Тұрмыс» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылды

Dalanews 12 июн. 2021 06:48 671

Бүгінгі таңда отбасылық-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу маңызды мәселеле болып табылады.  Таяуда Шығыс Қазақстан облысы аумағында «Тұрмыс» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылды. Өйткені зорлық-зомбылықтың өзі жәбірленушінің құқығын бұзып қана қоймайды, өсіп келе жатқан жастарға жағымсыз үлгі болып табылады.

– Өткізіліп жатқан жедел-профилактикалық іс-шараның 3 күнінің қортындысы бойынша  отбасылық-тұрмыстық қатынастар аясындағы 198 құқық бұзушылық анықталды, барлық фактілер бойынша құқықбұзушылар жауапкершілікке тартылды. «Қорғау нұсқамасын» шығару «құқықбұзушының мінезіне ерекше талап қою» тұрмыстық зорлық-зомбылық  профилактикасының қажетті шаралары болып табылады. Бұл мерзімде құқық бұзушыға отбасылық-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқық бұзушылық  жасауға тыйым салынады. Аталған талапты бұзғаны үшін құқықбұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тарту қарастырылған, – деп ШҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Ә.Өтепов атап көрсетті.

Қажет болған жағдайда жәбірленушіге уақытша паналау үшін Оңалту орталығына жолдама беріледі.

Полиция департаменті отбасылық-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқық бұзушылық мәселесі бойынша 4 Оңалту орталығымен  тығыз өзара қарым-қатынас орнатқан. Оңалту орынына жеткізілген жәбірленушілерге психологиялық, әлеуметтік көмек көрсетіледі.

Рекомендовать
Последние новости