ШҚО-да қант алмақ болған тұрғындар 30 млн теңге шығынға батты

Сағыныш Сардарова 30 окт. 2024 14:21 2318

Қант алмақ болған ШҚО тұрғындары 30 млн теңге шығынға батты, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Полицияға облыстың 19 тұрғыны өтінішпен жүгінген.

Оларға әйел қант жеткізіп беруге уәде беріп, ақшаны алғаннан кейін хабарсыз кеткен. Жалпы шығын шамамен — 30 млн теңге.

Тәртіп сақшылары алаяқтық жасады деген күдікпен 31 жастағы әйелді ұстады.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, күдіктінің басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр. 

"Сот күдіктіге үй қамағы түріндегі процесстік мәжбүрлеу шарасын қабылдады", - деп жазылған хабарламада.


Рекомендовать
Последние новости