ШҚО-да өрттің пайда болуына 75% найзағай, 25% адами фактор әсер еткен

Dalanews 10 нояб. 2022 13:25 845

Шығыс Қазақстан облысы Аймақтық коммуникациялар орталғында ШҚО Төтенше жағдайлар депратаментінің Мемлекеттік өрт қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Нұржан Өміржанов жылыту маусыман байланысты өңірде өрт қауіпсіздігін бақылау ісі күшейтілгенін айтты. Маманның айтуынша, бұл бағыттағы жұмыстар сәуір айын дейін тоқтамайтынын алға тартты. Сонымен қатар басқарма басшысы жыл басынан бері өрт сөндірушілер облыс аумағында 76 орман өртін, 6 дадалық өртті және 105 таудағы шөптердің өртін алдын алғаныналға тартты, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Брифинг барысында басқарма басшысы биыл өрт сөнідірушілердің жұмысы маусым айында шырқау шегіне жеткенін де тілге тиек етті. Дәл осы айда өңірдегі орман өрттері күрт өршіп, өрт сөндірушілер орманшылармен бірге 100 рет өрт сөндіруге мәжбүр болған. Тілсіз жау бірнеше рет елді-мекендерге таяған сәтте өшіріліген кездері де болыпты.

– Ол кезде жағдай өте қиын болды. Күннің ысуы, найзағай, желдің ұйтқып соғыуы және халықтың отты дұрыс жақпау жағдайды одан бетер ушықтыра түсті. Биылғы жыл жазық даладағы орманды алқаптардағы өрттің де қауіпті екенін тағы бір еске салды. Жазық даладағы орман өрттері тез таралып, бірқанша қиындықтар туғызды, – дейді Нұржан Өміржанов.

Брифинг барысында сөз алған ШҚО Табиғи ресурстар және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану басқармасы басшысының орынбасары Арман Есентаев тілсіз жаудың алдын алу үшін облыстық бюджеттен 295,6 млн теңге бөлініп, оған жеңіл доғалақты және шынжыр табанды таракторлар мен орманды күзетуге арналған шағын машиналар сатып алынғанын алға тартты.

– Алдағы 2023 жылы орман өрттерін жедел өшіру үшін арнайы жедел әрекет етету тобын құрмақшымыз. Сонымен қатар қол жетімді жерлер мен өрт болған аумақтарды тазартып, сол жерлерде ормандарды қалпына келтіру жұмыстарымен айналысатын боламыз, – деді басқарма басшысы.   


Жиын барысында төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері биыл Шығыс Қазақстан облысында орын алған өрттерге найзағай 75 пайыз, адами фактор 25 пайыз әсер еткенін де айтты.

– Өрттің пайда болуына негізінен найзаға жалыны әсер етуде. Бұл – табиғи үрдіс болғандықтан оның алдын алу мүмкін емес. Сондықтан орманды өрттен сақтау үшін өрт сөндірушілеріміз кез келген уақытта шыққан өртті ауыздықтауға дайын болуы керек. Сол себепті біздер қазір өртті бақылау ісін күшейтудеміз. Биылдың өзінде ғарыштық мониторингтың арқасында 662 термонүкте анықталып, өрт ошақтарының таралып кетуіне жол бермедік, – деді төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері.

Брифингке қатысқанымызда қазір өңірде 41 өртті сөндіру посттары жұмыс істеп тұрғанын білдік.

– 2022 жылы өрт сөндіру посттары өз бетінше 38 өртті өшірсе, мемлекеттік өртке қарсы қызмет мекемесімен тізе қосып 75 өрт ошағын өшірді. Тағы бір айта кететін мәселе – бүгінде облысымызда 25 мыңнан астам адам тұратын 40 елді-мекенде өрт сөндіру постары бар. 2023-2025 жылдары аралығында осындай өрт сөндіру посттарының санын тағы 11-ге арттыруды көздеп отырмыз, – деді Нұржан Өміржанов.

Рекомендовать
Последние новости