ШҚО-да оқушылар оқулықпен толықтай қамтамасыз етіледі

Dalanews 26 авг. 2020 18:49 859

ШҚО әкімі Даниал Ахметовтің қатысуымен өткен дәстүрлі тамыз конференциясында алдағы екі жыл ішінде 2650 педагог арнайы курстан өтетіні айтылды.

Өңір мектептерін жаңартылған білім беру мазмұнына көшіруге барлық жағдай жасалған. Бұл жайлы ШҚО әкімі Даниал Ахметовтің қатысуымен өткен дәстүрлі тамыз конференциясында айтылды.

– Жаңартылған мазмұнда білім беру бойынша 23 мың мұғалім білімін жетілдіріп, 1,5 млн оқулық сатып алынған. Оқушылар 100% жаңа оқулықпен қамтамасыз етіледі, – деді аймақ басшысы.

ШҚО білім басқармасының басшысы Сайрангүл Жұмаділованың айтуынша, биыл 11-сынып оқушылары жаңа форматта білім алады. Атап айтсақ, «Кәсіпкерлік негіздері және бизнес», «Графика және дизайн», «Алғашқы әскери-техникалық дайындық» пәндері енгізіледі. 9,11 сыныптар жаңа форматта қорытынды аттестация тапсырмақ.

Сонымен қатар жаңа форматтағы білім беру жүйесіне сәйкес үштілділікке де баса назар аударылуда. Биыл көптілділік бағдарламасы бойынша неміс және француз тілдері оқытылмақ.

Жаңа бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында 1 мыңнан астам мұғалім арнайы курстан өтті. Нәтижесінде, педагогтердің тіл меңгеру әдістемесінің деңгейі 80-нен 89% артты. Алдағы екі жылдың ішінде 2650 педагогтің біліктілігін арттыру жоспарланып отыр.

Рекомендовать
Последние новости