ШҚО-да жолдарды қардан тазарту жұмыстары толассыз жүріп жатыр

Dalanews 26 янв. 2024 05:00 2397

ШҚО Марқакөл ауылдық округінде ТЖ режимі сақталуда, бірақ облыстық маңыздағы жолдар тазартылып, ашылуда, – деп хабарлайды Dalanews.kz ШҚО облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қашықтығы 60 шақырым болатын «Күршім-Қалжыр» облыстық автожолының учаскесінде екі ауысымда 24 техника жұмыс істеп, автокөліктің еркін жүруіне жол ашты.

Күршім ауданының Марқакөл ауылдық округіндегі қар жамылғысының қалыңдығы кейбір жерлерде үш метрге жетеді. Қаңтар айының басында кейбір елдімекендер қар құрсауында қалған болатын.

Ауыл тұрғындарына дәрі-дәрмектер мен азық-түлік тікұшақпен жеткізілі, санитарлық авиация көмекке мұқтаж адамдарды облыс орталығына жеткізуге көмек қолын созды.

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұржан Жұмаділовтің айтуынша, қазіргі уақытта «Марқакөл - Ұрынқай – Төсқайың» тасжолының учаскесі де тазартылып, Шағанатты ауылына апаратын жолды қардан тазарту жұмыстар аяқталып қалды.

Ал Балықты Бұлаққа апаратын жолды тазарту жұмыстары басталды. Жергілікті атқарушы органдарға көмек көрсетуге ТЖД, ЖК және АЖ басқармалары, ОблШығысЖол кәсіпорындарыгың техникалары жіберілген.


Қатты аяз жұмысты қиындатап, термометр бағаны – 45-ке дейін төмендеді. Ал мұндай ауа райында қысқы дизельдік отынмен де проблемалар туындайтыны белгілі.

Бұдан басқа, жаңбырдан кейін қар массасы мұзға айналып, тазарту жұмыстарын қиындатқан. Алайда, оған қарамастан, жұмыстар тоқтатусыз жүріп жатыр.

ШҚО әкімі Ермек Көшербаевтың тапсырмасы бойынша оның бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағановтың басшылығымен арнайы мобильдік топ қар тазалау техникасын қайда жіберу керектігін түсіну үшін өңірдегі неғұрлым күрделі жағдай қалыптасқан қарлы аумақтарды аралап ұшып шықты.

Рекомендовать
Последние новости