Әділетті Қазақстан: Сомасы 220 трлн теңгені құрайтын күмәнді операциялар тексерілуде

Dalanews 26 янв. 2024 04:34 1012

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару жөніндегі комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлайды Dalanews.kz.


Мұнда тексеру шаралары басталатын жаңа тұлғаларды тиісті реестрге енгізу мәселесі талқыланды.


Осы тұста, бұған дейін реестрге енгізілген кейбір тұлғалар бойынша кінәсін мойындау және заңсыз алынған мүлікті өз еркімен қайтару туралы келісім жасалуы мүмкін.


Сонымен қатар реестрдегі жекелеген субъектілердің және оларға үлестес тұлғалардың шығу тегі түсініксіз мүлкін мемлекет кірісіне аударуды мәжбүрлеу туралы талаптар қойылады.


Премьер-Министр Мемлекет басшысының заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы шешімі – “Әділетті Қазақстанды” құру процесінің жалғасы екенін атап өтті. Соңғы 2 жылда елге жалпы сомасы 1 трлн теңгеге жуық активтер қайтарылды.



Бүгінде ауқымды жұмыс аясында 344 жылжымалы және жылжымайтын мүлік объектісі, соның ішінде шетелде 131 объект анықталды. Жалпы құны 448 млрд теңге құнды қағаздар бойынша мәлімет алынды. Сомасы 220 трлн теңге болатын банк операциялары, оның ішінде 1,4 трлн теңгені құрайтын күмәнді операциялар тексерілуде.


Әлихан Смайылов ортақ міндет заңсыз иемденілген активтерді қайтару және оларды қоғам мен мемлекет игілігі үшін пайдалану керек екенін атап өтті.


Рекомендовать
Последние новости