Алматы маңында бір түнде жеті рет жер сілкінісі болды

Dalanews 26 янв. 2024 04:09 1280



Өткен түнде Алматыдан 287 шақырым жерде, яғни Қытай аумағында тағы да жер сілкінді. Осылайша, түнде Қазақстан маңында жеті рет жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

"26 қаңтарда Алматы уақытымен сағат 07:55-те жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 287 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. MPV магнитудасы - 5,5", - деп жазылған хабарламада.


Қазақстан аумағында сезілгені туралы мәлімет жоқ.

Кеше түнде Алматы уақытымен 2.01-де де жер сілкінісі тіркелді. Бұл кезде эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 262 шақырым жерде орналасты.

Сурет: depositphotos.com


Рекомендовать
Последние новости