ШҚО-да биыл өндірістегі жазатайым оқиғалардың көрсеткіші 6,1 пайызға төмендеген

Dalanews 19 дек. 2021 12:11 696

Өндірісте орын алатын жарақттардың алдын алу қашанда маңызды мәсле. Бұл – мәселе өндірісі өркендеген Шығыс Қазақстан облысында айрықша көңіл бөлінеді. Өндіріс орындарында жазатайым оқиғалардың орын алу бұл үлкен трагедия. Сондықтан мұндай жайттардың алдын алу маңызды, – деп хабарлайды Dalanews.kz.   

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Еңбек инспекциясының мәліметінше, 2021 жылы өндіріс орындарында орын алған жазатайым оқиғалардың санынан 172 адам жапа шегіп олардың 18 мерт болған. Ал 2020 жылы орын алған оқыс оқиғалардың саны 183 жетіп, 21 адам көз жұмған еді. Биыл мұндай қайғылы жағдайлардың саны біршама азайып, өндіріс орында жарақат алу деңгейі 6,1 пайызға кеміген.

Өндіріс орындарында орын алған жазатайым оқиғалар кәсіпорындарға үлкен шығын әкеледі. Өндіріс ошақтары білікті мамандарынан айырылуы орны толмас ауыр қаза десек болады. Өндіріс орындарында жұмыс істейтін мамандардың кез келгенінің өзіндік орыны бар. Сондықтан оқыс оқиға кезінде кісінің қайтыс болуы бұл – үлкен трагедия.

Сондықтан ШҚО Еңбек қауіпсіздігін қадағалау инспекциясы кісі өндіріс орындарындағы еңбек қауіпсіздігін ұдайы бақылауда ұстап отырады. Осындай жүйелі жұмыстардың арқасында кәсіпорындардағы оқыс оқиғалардың саны жыл өткен сайын төмендеп келеді.

Рекомендовать
Последние новости