Өскеменде ауа тазалығын көрсететін онлайн-карта әзірленуде

Dalanews 20 дек. 2021 17:44 1203

Шығыс Қазақстан облысының орталғы Өскемен қаласында ауа сапасын анықтау ісі қолға алынды. Шағын эко-датчик қоғамдық көліктердің төбесіне орнатылып, қаладағы ауаның қаншалық ластанып жатқанына мониторинг жасайтын болады, – деп хабарлайды Dalanews.kz.   

Эколог мамандар мониторингті онлайн режимде жүргізуді көздеп отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі ірі қалалардың экологиялық жағдайын жақсарту ісін тапсырған болатын. Өскемен қаласында қолға алынған жұмыстар қаланың экологиялық ахуалын жақсартуға бағытталған маңызды қадам десек болады.

– Өскеменде ауа сапасын бақылау ісі көптен бері жүргізіліп келе жатқанын білеміз. Бүгінде қалада ауа тазалығын бақылайтын тоғыз стационар бекет жұмыс істейді. Ал біздің эко-датчиктер қатты аяздарға шыдас беретінімен ерекшеленеді. Қоғамдық көліктердің төбесіне орнатылған ықшам құрылғылар атмосфераның қаншалықты ластанғанын дәл көрсетеді. Мұндай құрылғылармен ауа сапасын бақылауға көп шығын кетпейді, – дейді Массачусет технология университетінің PhD докторы Симонэ Мор.

Осылайша эколог мамандар шағын эко-датчиктің көмегімен Өскемен қаласының ауа тазалығына қатысты онлайн-карта әзірлеуді көздеп отыр.

Рекомендовать
Последние новости