ШҚО-да бес мектеп салынады

Dalanews 01 нояб. 2019 11:44 859

Шығыс Қазақстан өңірінде алдағы үш жылда бес мектеп пайдалануға беріледі.

Бұл жайында облыстық Nur Otan партиясының жиналысында айтылды.

"Партия халыққа берген уәдесін орындауы керек. Сонда ғана сыйлы болады. Nur Otan-ның сайлауалды бағдарламасында көрсетілген міндеттерге сай, 2022 жылға дейін облыста 5 мектеп бой көтереді. Осы арқылы аймақ мектептеріндегі орын тапшылығының алдын аламыз», – деді өңір әкімі, облыстық филиалдың төрағасы Даниал Ахметов.

Әкімнің айтуынша, аталған бес мектептің үшеуі Семейде салынады.


Сонымен қатар Риддер қаласы және Абай ауданындағы Қарауылда орта білім беретін мекеме қолданысқа беріледі.

 

Рекомендовать
Последние новости