Шөп шабу науқаны басталды

Dalanews 15 июн. 2021 06:57 2409

Халқымыз «шөмелені шөбім бар» деп айтпа деген. Аудан бойынша дайындалатын 189 мың мың тонна шөпті әзірлеу оңай шаруа болмасы анық. Қалай болғанда да, жаздың қолайлы кездерін пайдаланып қалғанымыз жөн.

«Қыстың қамын жазда ойла» деген қазақ мәтелі бекерге айтылмаса керек. Кербұлақ ауданында шөп шабу науқаны басталып та кетті. Ауданда алғашқылардың бірі болып  "Қызылшоқы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің пішеншілері шабындыққа орақ салды. Сарыбастау ауылдық округіндегі "Қызылшоқы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Бекиев Алдан Ботайұлының берген мәліметіне сүйенсек 300 гектар алқаптағы мал азығын дайындау үшін эспарцет шөбін шабу басталыпты. Бүгінгі күнге 70-80         гектар шөп шабылған (1 гектардан 8-9 тоннадан алынды). Науқандық жұмысқа 6 адамды тартып, 5 трактор, 2 шөп бұрғыш, бір «Камаз» автокөлігімен кіріскен серіктестік 177 бума шөпті дайындап та үлгеріпті.

Аудан бойынша биылғы жылға 189 мың тонна шөп, 49 700 тонна сабан, 32 400 тонна пішендеме,     30 300 тонна мал азықтық жем жинау көзделуде.
Ал бүгінгі уақытта  25 000 тонна шөп  жиналды.

Айта кетейік, 2021 жылы ауданда 112 910 гектар егістік жерді игеру жоспарланып, 26 085 гектарына күздік бидай себілген. Бүгінгі күнге 26 085 гектар алқап толығымен тырмаланды. Одан бөлек, 70 563 гектарға жаздық дәнді-дақылдар, 2 640 гектар алқапқа картоп, 250 гектарға қант қызылшасы себу көзделді. Бұл дегеніміз өндіріс көлемі өткен жылға қарағанда 3 266 гектарға артығымен орындалады.



Қазіргі таңда ауданда жаздық дәнді-дақылдарды себу жұмыстары аяқталды. Бүгінгі күнге 70 563 гектар алқапқа жаздық дәнді-дақылдар, 2 640 гектар картоп дақылы,  250 гектар қант қызылшасы, 1840 гектар майлы дақыл және 569 гектарға бақша дақылдары мен көкөніс толығымен егіліп бітті.

Сондай-ақ, биылғы жылға егістік алқаптарына қажетті минералды тыңайтқыштар мен гербицидтерге сұраныстар мен  өтінімдер беріліп, аудандағы шаруашылық құрылымдарын тұқым дәрілейтін улы химикаттармен, пестицидтермен, минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде.

Шегіртке  тектес  және  басқа  аса  қауіпті зиянды  организмдердің,  өсімдік  зиянкестерінің жаппай таралып, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімдеріне зиян тигізуіне жол бермеу мақсатында жұмыс тобы құрылған.

карантиндік обьектілердің жаппай таратылып, ауыл шаруашылығындағы дақылдардың  өнімдеріне  зиян  тигізуіне  жол  бермеу  және тиісті шаралар қабылдау мақсатында жұмыс тобының құрамы құрылған.

Айта кетер болсақ, ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге биылғы жылға 2 500 тонна жанармай бөлінді. Бүгінгі күнге 1 160 тонна жанар май алынды. Шаруа қожалықтарына көктемгі дала жұмыстарына қажетті жанар-жағармай 167 теңгеден таратылуда. Қазіргі уақытта, ауыл шаруашылық техникаларын қосалқы бөлшектермен қамтамасыз ететін 3 сауда орны жұмыс істейді. Оның екеуі Сарыөзек ауылында, біреуі Қоғалы ауылдық  округінде орналасқан.

Ауылдық округтердегі шаруашылық құрылымдарында техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ауыл шаруашылық техникаларын жөндеу кезінде техника қауіпсіздігің сақтау үшін арнайы журналдар жүргізу және қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау талаптары қойылған.

 Раушан БИСЕМБЕКОВА,
Кербұлақ ауданы әкімінің баспасөз-хатшысы


 

 

 

 

 

 

 

Рекомендовать
Последние новости