Алакөлдің қыздары Азия төрінде

Dalanews 14 июн. 2021 05:46 834

Бүгін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай кадеттер арасында Ташкент қаласында өткізілген Азия чемпионатының алтын медаль иегері Анель Қайратқызы мен қола жүлдегері Ақнұр Бейсенбекқызын және чемпиондарымыздың бапкері Бағлан Айтахынұлын жеке қабылдадым. Құрлықтағы бірталай мемлекеттердің басын қосқан дүбірлі додада аудан спортшылары еліміздің байрағын биікте желбіретіп, үздіктер қатарынан көріне білді. Бұл тек Алакөлдің ғана емес, күллі республиканың жетістігі.
Бұл жеңіс боз кілем шебері атанған балуан қыздарымыздың алғашқы жүлдесі емес. Жыл басынан бері Анель Қайратқызы Қызылорда, Қостанай, Семей, Түркістан, Ақтөбе, Ташкент қалаларында өткізілген Самбодан Қазақстан Республикасының Чемпионатында жүлделі орындарды иеленіп жүрсе, Ақнұр Бейсенбекқызы Ақтөбе, Орал, және т.б. қалаларда өткізілген додалардың қола жүлдегері атанған.

Жас болса да елдің өр намысын арқалап жүрген қос қарындасымызға спорт саласында Әлем чемпионатынан бастап, Олимпияда биігін бағындырыңдар деген тілегімді жеткізіп, арнайы сый-сияпаттарымды табыс еттім.

Алакөлдей құтты мекеннің керемет ауасымен тыныстап жүрген жас чемпиондарымыздың алар асулары әлі алда деп білемін. Осы беттерінен қалыспай, дарын-дағдыларының арқасында әлемдік бәсекелестікте де алда жүретіндері күмәнсіз. Айта кетерлігі, бүгінде әлемдік деңгейде «Қазақстандық жастар» деген брендті қалыптастыруда осындай ұл-қыздарымыздың ерен еңбегі өте бағалы болып отыр.

Қасиет АРСТАН,
Алакөл ауданы әкімінің
баспасөз-хатшысы


 

 

 

 

 

 

Рекомендовать
Последние новости