Шымкенттік ХҚО-да дайын құжаттарды жеткізу қызметі іске қосылды

Dalanews 03 июн. 2021 04:48 696

Дайын құжаттарды жеткізу бойынша жаңа қызмет енді Шымкентте қолжетімді. Енді курьер сізге дайын құжаттарды қажетті мекенжай бойынша жеткізеді. Бұл қызметтің құны 970 теңгені құрайды.

Қазіргі таңда жеткізу сервисі арқылы 144 мемлекеттік қызмет түрі қолжетімді, оның ішінде – жылжымайтын  мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу, жер учаскелерінің актілері, білім туралы құжаттарды апостильдеу, Мұрағат анықтамалары, әскери билеттердің телнұсқаларын беру және басқалар бар. Ал,   жүргізуші куәлігі, жеке куәліктерді, паспорттарды және басқа да құжаттарды үйге дейін тапсырыспен жеткізу қызметі жақын арада қолжетімді болады.

– Құжаттарды жеткізу қызметі жеке тұлғаларға көрсетіледі, сервиске 144 мемлекеттік қызмет қосылған. Клиент құжаттарды ХҚО-ға тапсырғаннан кейін,  веб-сілтемесі бар SMS-хабарлама жолданады, ол жерде өтінімді толтырып, мәліметтерді енгізіп және жеткізілім ақысын сол сілтеме арқылы төлеу керек. Қызмет ақылы, қала бойынша жеткізу құны 970 теңге,  – деді Данабек Исабеков «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры.

Естеріңізге салайық, дайын құжаттарды жеткізу қызметі осы жылдың мамыр айында  Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында іске қосылған болатын. Енді ол Шымкент қаласының тұрғындарына да қолжетімді. Сондай-ақ, Egov.kz электронды үкімет порталында техпаспорт пен көлік нөмірін үйге жеткізу қызметі қолжетімді.

Рекомендовать
Последние новости