Шымкенттік шенеуніктің 4 бірдей қылмысы әшкереленді

Қаракөз Амантай 21 февр. 2024 11:25 4932

Шымкентте полиция подполковнигі 4 бірдей қылмыстық ісі үшін сотталды. 44 жастағы қызметкерге қызмет бабын асыра пайдаланды, ірі көлемде ұрлық жасады, алаяқтық және пара беруге итермеледі деген айып тағылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Qazaqstan.tv телеарнасының мәліметінше, ол бұған дейін мегаполистегі Абай аудандық полиция басқармасында бөлім басшыларының орынбасары болып қызмет атқарған.

Ол 2022 жылы шұғыл іздестіру шаралары кезінде тәркіленген феррола сұйықтығының біраз бөлігін қолды қылған.

Осылайша жәбірленушіні 85 миллион теңгеден астам материалдық шығынға батырған. Полиция подполковнигі 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.


Рекомендовать
Последние новости