Шымкентте жаңа үлгідегі кітапханалар ашылып жатыр

Dalanews 12 июл. 2021 10:25 1533

Шымкентте қаласында кітапханаларды жаңғырту жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Күні кеше қалада бүгінгі заманның талабына сай жабдықталған тағы 3 кітапхана пайдалануға берілді.  

Айта кетелік, бұл бастама қала әкімі Мұрат Әйтеновтің басшылығымен кітапханаларды жаңғырту бағдарламасы аясында іске асуда. 

Қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан атап өткендей, мұнда барлық жағдай жасалған: аға буын келіп, әңгімелесіп отырып шахмат ойнаса болады; ата-аналар балаларына ертіп әкеліп кітап оқысып, ойнаса болады; жастар кешкісін келіп, кофе ішіп отырып түрлі кештерді өткізсе болады.

Жоба авторы Кристина Бекмурзаева қала басшылығы креативті идеяларға үн қатып, осы бағыттағы жұмыстарды әрдайым қолдап отыратынын тілге тиек етті. 



“Себебі мұнда шахмат үстелінде зейінін ашып, зерек ұл болып қалыптаса алады. Ата жолын жаңғыртып, ұлттық ойын тоғыз құмалақты меңгереді. Асық атып, доп теуіп, бос уақытын тиімді үйлестіре алады”, – дейді ол.

Биылғы жылы барлығы 10 кітапханаға осындай модернизация жұмыстарын жүргізу жоспарланған.



Алғашқы жартыжылдықта 6 кітапхана өз жұмысын бастаған. Алдағы күз айларында тағы 4 кітапхана ел игілігіне берілмек.

- Бұл кітапханалар жаңа форматта жұмыс жасайды. Тек кітапхана болып қалмайды. Бұл қоғамдық орын, қоғамдық орталыққа айналып отыр. Екі форматта кітапханалар желісін жаңғыртып жатырмыз. Бірі Абай қоғамдық орталықтары. Екіншісі балаларға арналған кітапханаларымызды отбасылық кітапханасы форматында жасап жатырмыз, – деді өз кезегінде қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан.  



Қала басшылығы осы арқылы Шымкент кітапханаларын қоғамдық орталықтарға, коммунити-центрлерге айналдыруды көздеп отыр. Әр кітапхана барлық топтағы азаматтарды қызықтыратын жеке бағдарлама жасайтын болады. Осылайша жыл соңына дейін жаңғырған кітапханаларға келушілер саны 4 есеге өседі деп күтілуде.

Рекомендовать
Последние новости