Шымкентте ашық аспан мұражайы салынады

Dalanews 26 июн. 2017 05:26 731

Шымкент қаласындағы ескі қалашықта ашық аспан астындағы мұражай болады. Қалашықтың тағдыры жөніндегі мәселе соңғы бірнеше жыл бойы қозғалып келген еді. Енді, міне, арнайы бағдарламаның нәтижесінде бұл тарихи ескерткіш туристер мен көненің көзіне қызығатын жандар үшін ерекше орынға айналмақ. Көне қалашық маңында соңғы ондаған жыл бойы салынған құрылыс нысандары сүріледі. Олардың орнына қорған-қабырға соғылатын болады.


Ол қалашықты кезінде қоршап тұрған қорғанға ұқсас етіп салынады.


Қорғанды бойлай қолөнершілердің туындылары мен шеберлік орындары орналасып, нағыз демалыс орны пайда болады. Ал қорғанның ішінде көненің көзіне қызығатын барша жандар үшін ашық аспан астындағы нағыз музей болады. Онда сәулетшілер өздерінің қазба жұмыстарын жалғастыра бермек.


Бұл тұста Әйтеке би көшесі кеңейтіліп, ал Қонаев даңғылы ескі қалашық арқылы жалғасып, Әйтеке би көшесіне барып қосылатын болады. Құрылыс жұмысы 2018 жылы басталады. Негізгі бөлігі 2020 жылға қарай аяқталмақ. Осы жылы қалашық орнында Шымкент өзінің 2200 жылдығын атап өтеді деп жоспарлануда. Айта кетейік, Шымқаланың бұл жасы осы қалашықта жүргізілген қазба жұмыстарының нәтижесінде табылған жәдігерлермен нақтыланған.

Рекомендовать
Последние новости