Шығыста игерілмеген 60 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

Dalanews 20 апр. 2017 09:26 965

ШҚО-да жалға алынып, игерілмеген 63,3 мың га жер аумағы анықталған. Аталмыш жайтқа байланысты сотқа 88 талап-арыз жіберіліп, 60 мыңнан астам гектар аумақ қайтадан мемлекет меншігіне қайтарылды. 

ШҚО Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы басшысының м.а. Мейіржан Әшімхановтың айтуынша, 88 талап арыздың 16-сы қанағаттандырылып, 2 іс әлі қарауда жатса, кәсіпкерлер жіберілген заңбұзушылық әрекетті жедел түзеткендіктен, 70 арызға қатысты тергеу амалы тоқтатылған.

– Мемлекеттен 76 мың га жерді жалға алып, қолданбағаны үшін «Бәтуә», «Мәнфағат» және «Ырғын» ЖШС-терінен 60 мың га жер аумағы мемлекеттің меншігіне қайтарылды, – деді Мейіржан Әшімханов.

Сондай-ақ, Алакөл, Сібе көлдерінің жағалауында қолданылмаған 361 жер телімі анықталған. Әділет органдары жасаған ескертуден кейін бір жыл көлемінде жер телімі қолданылмаса, оны мемлекетке қайтару бойынша шара қолданылмақ.

Рекомендовать
Последние новости