Шығыста "Мектеп асханаларын жаңғырту" жобасы нәтижелі жүруде

Dalanews 16 окт. 2019 18:42 746

Бұл туралы Семей қаласында өткен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау бойынша облыстық комиссияның көшпелі отырысында облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова мәлімдеді.

Биылғы жылы Өскемен қаласының 35 мектебінде мемлекеттік-жеке меншік серіктестік механизмі бойынша «Мектеп асханаларын жаңғырту» жобасы нәтижелі жүзеге асырылып, 913 млн.теңге көлемінде инвестиция тартылды.

Оқу жылының басында Өскемен қаласының барлық мектеп асханаларында ескірген мектеп асхана блоктары ауыстырылды және заманауи жөндеу жасалды.

Өскемен қаласының білім беру бөлімі басшысының м.а. А. Мәулетханов осы жобаның жүзеге асырылуы туралы айтып, жоба бизнес пен мектеп әкімшілігінің өзара іс-қимылының оңтайлы және тиімді форматын қамтамасыз еткенін, мектептегі тамақтанудың нақты стандарттарын белгілеуге және осы саладағы қоғамдық бақылауды арттыруға мүмкіндік бергенін атап өтті.

Комиссия мүшелері келесі жылы Өскемен қаласының білім беру бөлімінің оң тәжірибесін басқа қалалар мен аудандарда енгізуді ұсынды.

 

Рекомендовать
Последние новости