Шығыстағы екі ауданда асырап алған балалардың қайғылы өлімі орын алған

Dalanews 16 окт. 2019 18:17 940

Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова Семей қаласында кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау бойынша облыстық комиссияның көшпелі отырысын айтты.



Жиында күн тәртібіндегі мәселелер сөз болып, оларды шешу жолдары талқыланды.

Атап айтар болсақ, бала асыраушы отбасына тәрбиелеуге берілген балалардың құқықтарын қорғау бойынша шаралар, Өскемен қаласында мемлекеттік-жеке меншік серіктестік қағидаттары бойынша мектеп асханаларын жаңғырту тәжірибесі және «Жастар жылына» арналған іс-шараларды іске асыру талқыланды және қаралды.

Отырыс жұмысына комиссия мүшелері және қалалар мен аудандардың білім бөлімдерінің басшылары, ал қалалар мен аудандардың әкімдіктері - онлайн режимде қатысты.

Әсем Нүсіпованың айтып өткеніндей облыста 0-ден 18 жасқа дейінгі 361 362 бала бар.

[perfectpullquote align="full" bordertop="false" cite="" link="" color="" class="" size=""]Оның ішінде 2735-і жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, олардың ішінде 638 бала білім беру ұйымдарында, 103 бала денсаулық сақтау ұйымдарында және 80 бала халықты әлеуметтік қорғау жүйесі ұйымдарында.
Бала асыраушы отбасында 1914 бала тәрбиеленуде, оның ішінде 1746-ы қамқорлықта және 168-і патронаттық тәрбиеде.[/perfectpullquote]

Отырыс барысында бала асыраушы отбасына тәрбиелеуге берілген балалардың құқықтарын қорғау бойынша, Бесқарағай және Күршім аудандарының білім беру бөлімдері өткізетін іс-шаралар қарастырылды.

Өкінішке орай, аталған аудандарда балалар үйлерінен қамқорлыққа алған балалардың қайғылы өлімдері орын алған.

"Бесқарағай және Күршім аудандық білім беру бөлімінің басшылары С. Омарғазин және Б. Елубаев барлық осы балалардың тағдыры асырап алушы ата-аналарға байланысты екеніне қарамастан, жергілікті атқарушы органдар өз жауапкершіліктерін жоймайтынын және олардың асырап алушы отбасындағы өміріне бақылау жасайтынын айтты", – дейді Әсем Нүсіпова.

 

Рекомендовать
Последние новости