Шығыста тұмауға қарсы 77 мыңнан астам вакцина сатып алынды

Dalanews 15 окт. 2019 18:17 737

Кеше өңірде басталған егу науқаны аясында ШҚО денсаулық сақтау басқармасы мен облыс бойынша тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бірлескен акциясы өтті.

Шығыс Қазақстан облысында 77 мыңнан астам тұмауға қарсы "Гриппол плюс" вакцинасы сатып алынды. Оның құрамына үш компонент кiредi: екі А штаммы, оның ішінде пандемиялық H1N1, сондай-ақ бір В штаммы.

Осы мақсатта жергілікті бюджеттен 68 млн. теңге бөлінді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп.


Айта кету қажет, тұмауға қарсы иммундауға - қауіп тобына кіретін халық жатады. Бүгінгі күні вакцина жабық мекемелерде – сәби және бала үйлері, мектеп – интернаттар, қарттар үйлері, диспансерлік есепте тұрған созылмалы соматикалық аурулармен ауыратын адамдарды, сондай-ақ 2-3 триместрдегi жүкті әйелдерді, 60 жастан асқан адамдарды және созылмалы аурулармен ауыратын азаматтарды иммундау үшін медициналық ұйымдарға бөлінді.

Осы санаттағы азаматтар үшін бұл рәсім тегін болып табылады.
Алайда, қауіп-қатер тобына кірмейтін адамдар тұрғылықты жері бойынша медициналық ұйымдарда ақылы негізде Нидерланды өндірісінің «Инфлювак» вакцинасын салдыруына болады, оның құны 2460 теңгені құрап отыр.
Тұмауға қарсы иммундық шараларды жүргізу үшін облыс аумағында 67 арнайы кабинет әзірленген:
1. Өскемен қаласы бойынша:
- амбулаторлық орталық, Абай даңғылы 18, тел.75-42-96;
- № 2 Емхана, Буров көшесі 61, тел. 26-84-39, 57-76-83;
- Сәтбаев даңғылы 34/1, Тел. 61-20-46.
2. Семей қаласы бойынша:
- "Гармония" Отбасылық емханасы, Достоевский көшесі, 97, тел. 52-04-97;
- Семей қаласының №2 емханасы" ШЖҚ КМК, Байтурсынов көшесі, 27, тел. 77-01-36;
- "Хаким" емханасы, Кабельный тұйық көшесі, 1, тел. 30-96-98";
- №6 аралас үлгідегі емхана, Шәкәрім даңғылы, 149 үй, тел. 50-63-33.



"Жеке мысал ретінде тұмауға қарсы вакцинацияның маңыздылығын бiзге, мемлекеттiк қызметкерлерге көрсетуге тура келді. Бір жыл бұрын мен тұмаудан екпе жасадым, жыл бойы өзімді жақсы сезінгенімді атап өткім келеді.

Сондықтан жаңа қысқы маусым қарсаңында бұл тәжірибені қайталау өте пайдалы болды. Айта кету керек, тұмауға қарсы вакциналар жыл сайын жаңартылып отырады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бүкіл планетада тұмаудың белсенді штаммдарын қадағалайды, содан кейін осы қыста адамзатқа кандай қауіп төндіруі мүмкін деген қорытынды жасайды", – дейді Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова.



Биылғы жылы Ұлттық профилактикалық егу күнтізбесі аясында өңір тұрғындарының 10% тұмауға қарсы егу жоспарланған.

Мамандардың айтуынша, бұл қоғамда "ұжымдық иммунитет" алуға мүмкіндік береді.

Соңында, бірнеше кеңес: егу алдында әрбір адам терапевт дәрігерінен немесе ЖТД-дан тексеруден өтуі тиіс. Дәрігер вакцинация жүргізу үшін қарсы айғақтардың болуын немесе болмауын анықтайды. Өзімен бірге жеке куәлікті алу керек. Егуден кейін қорғаныш антиденелер жеткілікті мөлшерде организмде 10-14 күннен кейін пайда болады. Вакцина осы эпидемиологиялық маусымда аса өзекті болып табылатын тұмау вирусының түрлерінен қорғауды қамтамасыз етеді.


Рекомендовать
Последние новости