Шығысқазақстандық семсерлесуші Әлем чемпионатының алтынын медальіне ие болды

Dalanews 05 дек. 2022 14:22 1049

Өзбекстанның астанасы Ташкент қаласында 2-4 желтоқсан аралығында жасөспірімдер арасында семсерлесудің екі түрі бойынша, ерлер шпагасынан және әйелдер арасында рапирадан әлем кубогы өтті.

Жарыстың алғашқы күнінде-ақ семсерлесуден Шығыс Қазақстан облысының спортшысы Богдан Лукин әлем кубогының жекелей біріншілігінің алтын медалін жеңіп алып, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.

Жартылай финалда мысырлық Шамель Юсефті 15:7 есебімен ұтқан Богдан финалда жарыс қожайыны өзбекстандық Тимуров Мейірханмен кездесіп, 15:12 есебімен жеңіске жетті.

Келесі күні командалық есепте ҚР құрамасы үшінші орынға ие болды. Жартылай финалда біздің жігіттер жарыс жеңімпаздары – Мысыр құрамасынан ұтылды. 3-ші орын үшін  Қырғызстан құрамасымен кездесіп, 45:32 есебімен жеңіске жетті.

Богдан Лукин 2014 жылдан бері  семсерлесу спортымен айналысып келелді. Алғашқы жаттықтырушысы Щелоков Геннадий Афанасьевич. Богдан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Әлем, Азия, ел біріншілігінің сонымен қатар 2022 жылы Парижде өткен гимназиаданың жеңімпазы және жүлдегері.

Рекомендовать
Последние новости