ШҚО-ның туристік әлеуеті өте жоғары, оны дамытатын көптеген мүмкіндіктер бар – Даниал Ахметов.

Dalanews 30 нояб. 2022 21:41 1205

Шығыс Қазақстан облысы әкімі Даниал Ахметов өңірде туризмді дамыту мәселесі бойынша кеңес өткізіп, туризмді дамытуға қатысты маңызды шараларды пысықтады, – деп хабарлайды Dalanews.kz Шығыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан облысында ішкі туризмді дамытуды қажет ететін арнайы орындар жетікілікті. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстарды барынша дамытып, туризмді пайданың көзіне айналдыратын мүмкіндіктер жетіп артылады. Осы ретте Шығыс Қазақстан облысында қысы-жазы туристерді қызықтыратын нысандар бар екенін айта кетуіміз керек. Сол себепті өңірде бұл бағаттағы жұмыстар еш уақытта толастамайтыны анық. Алқалы жыиында облыс әкімі осы мәселеге баса мән берді.

– Туризм Шығыс Қазақстан облысы ерекше көңіл бөліп отырған басым салалардың бірі. Қазір қыс мезгілінде барлық жобалардың келісу рәсімдерінен өтуі өте маңызды. Ал көктемде оларды іске асыру қажет. Жаңа Бұқтырма бойынша маңызды эскиздік жоба дайындалуда – Осиновский асуын айналып өтетін "Өскемен-Алтай" тас жолы, Жаңа Бұқтырмадағы көшелерді жарықтандыру және абаттандыру, қызмет көрсету объектілерін салу. Жағалаудағы жаяу жүргіншілер аймағынан демалыс орталықтарына дейінгі жол ретке келтіру маңызды. Бұл – аймақта веложолдар мен түрлі құрылыстар да қарастырылатын болады, – деп облыс басшысы Жаңа Бұқтырманың туристік әлеуетін арттыруға қатысты жұмыстарға ерекше мән беру керек екенін ескертті.

Бұдан басқа, кентте үлгілік жоба бойынша мемлекеттік тілде оқытатын 200 орындық мектеп салу жоспарлануда.

– Риддерге келетін болсақ, мұнда да маңызды эскиздік жоба қажет, Тарханка, Топиха және Черемшанка арқылы өтетін жолды зерттейтін арнайы топ жұмыс істейді. Қалада көше жарығын қайта құрып, 2500 шам орнату керек. Катонқарағай ауданында экологиялық туризмге баса назар аудару қажет, қазірдің өзінде арнайы жобалар бар. Өлкетану мұражайының ғимаратындағы XIX ғасырдағы шіркеуді қалпына келтірудің мәні зор. Сондай-ақ, көпір салуға жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде. Әр жобада жол бойындағы қызмет көрсету нысандарына баса назар аудару қажет. Туризмді дамыту жобасы Сарыбел үшін де дайындалуда. Жалпы, аймақтық туристік әлеуеті өте жоғары және оны дамыту үшін көптеген мүмкіндіктер бар, – деді Даниал Ахметов.

Рекомендовать
Последние новости